Атырау, 27 желтоқсан 00:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Франциядағы президент сайлауы: Макрон көш бастап тұр

1 541 рет қаралды

Францияның қазіргі президенті Эммануэль Макрон сайлаудың бірінші кезеңі бойынша көш бастап тұр - бюллетеньдердің 90 пайызы есептелгеннен кейін ол 27,40 пайыз дауыс жинаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Екінші орында - 24,58 пайыз дауыс жинаған Марин Ле Пен. Үшінші орында - "Непокорившаяся Франция" партиясының басшысы Жан-Люк Меланшон (20,96 пайыз), төртінші - "Отвоевание" партиясының негізін қалаушы Эрик Земмур (6,94 пайыз). Бесінші орында - Республикалық партияның кандидаты Валери Пекресс (4,76 пайыз).

Хаттаманың 45 пайызы өңделгеннен кейін де Макрон көш бастап тұр. Ол 30,41 пайыз дауыс жинаған, одан кейін Меланшон (25,24 пайыз), үшінші - Ле Пен (16,76 пайыз).

Парижде бюллетеньдердің 42 пайызы есептелгеннен кейін Макрон 38,99 пайыз дауыспен бірінші тұр. 

Президент сайлауының екінші кезеңі 24 сәуірде өтеді. 

11 сәуір 2022, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.