Атырау, 7 наурыз 17:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

11 сәуірден бастап «Динадағы» автотұрақ жөндеуге жабылады - аялдамалар көшіріледі

1 963 рет қаралды

11 сәуір – 11 мамыр аралығында «Дина» сауда үйінің автотұрағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 11 сәуірі мен 11 мамыры аралығында «Дина» сауда үйінің автотұрағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

3, 4, 5, 11, 22, 51, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 58а және 62 қоғамдық көліктері уақытша «Автобекет» тұрағына көшетінін хабарлаймыз.

Туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.

10 сәуір 2022, 23:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.