Атырау, 29 наурыз 15:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Кәріз жүйесі, 16-мектепке барар жол және басқа да жобалар

1 340 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Q88 Урбанистер қауымдастығының бірлескен бағдарламасы аясында Атыраудан 45 ұсыныс түскен. Жаңа бағдарлама бойынша пилоттық қалалар ретінде Атыраудан бөлек Ақтау таңдалды. Екі қала тұрғындары «Берекелі бастама – қала бастамасы» онлайн-платформасына өз ұсыныстарын қалдырды, мұнда енді үздік жобаға дауыс беруге болады.

– Қазір біз осы қалалардың кварталдары мен аудандарын дамытуға, соның ішінде инженерлік инфрақұрылымды, тұрғын үй қорын жаңғырту мен абаттандыруға кешенді қарауды жоспарлап отырмыз. Халықтың ұсыныстарын жинап, тұрғындардың дауыс беруі арқылы іріктеп, жеңімпаз жобаларды одан әрі жүзеге асыру көзделуде, - деп түсіндірді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан ДАУЫЛБАЕВ.

Жобалар санына қарайтын болсақ, Атырау үшін өзекті мәселелердің қатарында экология, аула аумақтарын, алаңдарды қайта жарақтау, қала көшелерін жаңарту, жол қауіпсіздігі, спорт алаңдарын, балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру, елді мекендердегі сумен қамту нысандарын жөндеу және абаттандыру, олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін салу және масаға қарсы күрес мәселесі бар.

Мәселен, жақында қаламызда «Макдональдс» пайда болды, оның құрылысы оқушылардың  №16 мектепке баруын қиындатты.

– Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілер аймағының жоқтығынан балалар мен ересектерге үнемі жол-көлік апатына ұшырау қаупі бар. Балалар мен ересектер мектеп алдына жету немесе ол жерден шығу өте қиын екеніне көп шағымданады. Енді ол жерге кафе салынды, жаяу жүргіншілер жолының жоқтығынан және көліктер толассыз жүретін жол өте тар болғандықтан адамдардың мектепке жетуі де, шығуы да қиындап кетті, - деп жазады Сәуле ИЗМАИЛОВА. Оны Дастан қолдады:

– Мұндай «алтын» учаскелер (Сәтпаев даңғылының маңы – автордың ескертпесі) бар болғаны мүгедектерге арналған екі автобус түрінде емес, қаланың әлеуметтік игілігіне берілуі керек.

Ең болмағанда, инвесторлар есебінен №16 мектептен бастап, жақында ғана ашылған МакДак орналасқан Сәтпаев даңғылына дейін оқушылар үшін жаяу жүргіншілер жолын төсеу қажет еді.

Қазір тұрғындар дауыс берген жобалар арасында Аян ТЕМІРӘЛІНІҢ «Биогаз өндіру және аралас өндірісті дамыту арқылы кәріз суларын қайта өңдеу» жобасы 64 дауыс пен 20 пікір алып, көш бастап тұр. Бұл жоба жинақталған сарқынды суларды биогаз өндіру арқылы қайта өңдеу; лай шөгінділерді қайта өңдеу; атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын еселеп азайту; кәріздік тазарту құрылымдарын орнату үшін пайдаланылатын алаңдарды қысқарту сияқты мәселелерді шешеді.

Тағы бір танымал жоба – «Ең үлкен балалар алаңы», авторы Әнуар Әубекеров. Оның жоспары бойынша ойын алаңында орындықтары бар саябақ, балалар кафесі, арқан саябағы, жартасқа өрмелеу, әр бала сахнада өнер көрсете алатын амфитеатр, кем дегенде 100 әткеншек, сырғанақ, күлкі лабиринті, турник, қоссырық, мереке, туған күн өткізуге арналған бөлмелер, саябақ аумағында жүретін шағын электр пойызы қамтылады. Әнуар балалармен көңілді уақыт өткізіп қана қоймай, Қазақстанның мәдениеті мен тарихын да көрсету үшін саябақты ұлттық нақышта безендіруді ұсынып отыр.

«Нұрсая» ықшамауданының тұрғыны Дастанға сол ауданда қатынайтын жолдардың шектеулігін байқайды. Оның жобасы - көлік қозғалысы үшін қосымша жолдар салу, сондай-ақ болашақта Сәтпаев немесе Бейбарыс даңғылдары сияқты Атыраудың негізгі көлік артерияларының біріне айналуы үшін Елорда көшесінен Гагарин көшесіне дейін жолды ашу.

4 мамырға дейін барлық жобалық шешімдер дауысқа салынып, одан кейін қала әкімдіктеріне іске асыру үшін жіберіледі. Сайтта дауыс беру оңай. Парақшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» түймесін басыңыз. Қаланы таңдаңыз, телефон нөмірін көрсетесіз, сандық смс-құпия сөзі жіберіледі де жүйеге кіресіз. Маған құпия сөзді екінші рет басқанда жіберді. Сандарды енгізіңіз, содан кейін өзіңізге ұнайтын жобаны басыңыз. Жаңа терезе пайда болады, оған өз ЖСН-іңізді енгізу қажет. Осыдан кейін сіздің таңдауыңыз ескеріледі. Осылайша, жоба авторлары, оны жасанды таңдаудан қорғайтын шығар.

– Ақтау және Атырау тұрғындары дауыс беруге белсенді қатысуда. Соңғы айда екі қаладан 11 мың бірегей пайдаланушы тіркелді. Жобалық ұсыныстарды талқылау барысында кәсіби сарапшылардан 151 пікір түсті: Ақтау бойынша 89, Атырау бойынша 62, - дейді бағдарлама ұйымдастырушылары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 сәуір 2022, 23:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.