Атырау, 1 шілде 03:37
 дождьВ Атырау +16
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

Әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін жазаланды

2 384 рет қаралды

Индер аудандық сотында алғаш рет әлеуметтік желідегегі жала туралы арыз негізінде әкімшілік іс қаралды.

- 45 жастағы ер адам Facebook желісінде жәбірленушінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін былапыт сөздер жазған. Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады, сондай-ақ оның кінәсі қосымша лингвистикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен толық дәледенді, - деп хабарлайды Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сот азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен («Телекоммуникациялар желісін пайдалана отырып жала жабу») кінәлі деп танып, 20 тәулікке қамаққа алу жазасын берді.

Айта кету керек, 2020 жылы ҚР Қылмыстық кодексіндегі 130-бап («Жала жабу») қылмыстар қатарынан алынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

10 сәуір 2022, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.