Атырау, 24 қараша 21:08
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зеленский: "Киевтің басқа амалы жоқ"

2 661 просмотра

Украина президенті Владимир Зеленский Bild-ке берген сұхбатында Путинмен келіссөздері туралы пікір білдірді. Зеленскийдің айтуынша, Киевте Ресей президенті Владимир Путинмен отырып келіссөз жүргінзгеннен басқа амалы жоқ, себебі соғысты тек Путин тоқтата алады, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Укринформ" басылымына сілтеме жасап.

"Бүгінде Украинада келіссөз үстеліне отырғаннан басқа амал жоқ. Бұл соғысты тек Ресей тоқтата алады. Соғыс қашан тоқтайтынын тек ол (Путин-еск.) шешеді", - деді Зеленский.  

Сонымен қатар, Украина басшысы "Ресей мен ресейлік сарбаздарды жек көретінін" ашып айтты. 

"Көз алдыма елестеген кезде. Қолынан, аяғынан айырылып қайтыс болған балалар. Бұл сұмдық", - деді президент. 

Айта кетейік, Зеленский бұған дейін де Путинмен келіссөз жүргізуге дайын екенін бірнеше рет айтқан болатын.  

10 сәуір 2022, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.