Атырау, 26 желтоқсан 04:41
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Головкин Муратаны нокаутқа түсірді

Бейнежазба
1 511 рет қаралды

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA титулына ие Риота Муратамен (16-2, 13 KO) жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жапонияның Сайтама қаласындағы өткен бокс кешінің басты айқасында Головкин жапониялық қарсыласын тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. 

Головкин Муратаны нокаутқа түсірді. Фото 1

 Бірінші раунд тең өткендей болды, ал екіншісінде Мурата шабуылға көшті. Үшінші раундта Головкин іске кірісе бастады, қарсыласы жауап қайтаруға тырысқанымен дөп тигізе алмады. 

Бесінші раундта қазақстандық боксшы айқасты нокаутпен аяқтауға сәл қалды, алайда, Риотаны гонг құтқарды. Ары қарай GGG жапониялық боксшыға қысымын тоқтатпай тоғызыншы раундта Муратаны құлатты. 

10 сәуір 2022, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.