Атырау, 26 желтоқсан 04:41
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

1 995 рет қаралды

Қазақстандықтар 2022 жылғы мамыр айында үш мерекені атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні. 1 мамыр жексенбі күніне тұспа-тұс келгендіктен, тағы бір демалыс күні ретінде 2 мамыр қосылады. 

Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр сенбіге келеді, сондықтан тағы бір демалыс күні 10 мамырға ауысады. 

Ал қазақстандықтар 9 мамыр - Жеңіс күнінде бірден төрт күн, яғни 7-10 мамыр аралығында демалады. 

Осылайша, демалыс күндерінің жалпы саны мамырда бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 күн, алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 күн болады.

8 сәуір 2022, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.