Атырау, 26 сәуір 15:14
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жайық жағалауында көлікті мас күйде және құжатсыз жүргізген

Бейнежазба
1 902 просмотра
Видеодан алынған кадр

7 сәуірде әлеуметтік желіде Жилгородок маңындағы Жайық өзенінің жағалауында BMW көлігінің келе жатқаны түсірілген видео пайда болды. Түсініктеме алу үшін полицияға хабарластық. ПД баспасөз қызметі бұл факті туралы хабарлама Атырау полициясы басқармасының 102 операторы пультіне сағат 20:35-те түскенін хабарлады. Бұл көлік Грузияда тіркелген.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 36 жастағы жүргізушіні ұстап, медициналық куәландыру үшін облыстық наркологиялық диспансерге жеткізді.

- Куәландыру нәтижесінде аталған азаматтың «орта» дәрежелі мас күйде екендігі анықталды. Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 1-бөлігі («Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру») бойынша хаттама жасақталып, 15 АЕК  (45 945 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. Заң бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқаруы) бойынша да хаттама толтырылды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

8 сәуір 2022, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.