Атырау, 19 сәуір 08:12
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Теңіздегі жұмысшылар жыл соңына дейін 4 кезеңмен қысқартылады

1 747 просмотра

Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Сәлімжан НАҚПАЕВ Теңіздегі Келешек кеңею жобасындағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басым бөлігінің аяқталуына байланысты 39 мыңнан астам адамның жұмыстан босатылатыны туралы мәселені көтерді.

- Бізге болашағына алаңдаған ТШО қызметкерлері хабарласты. 39500 адамның 37100-і Қазақстан азаматы. Осыған байланысты менің екі сұрағым бар: ТШО жобасынан өз өңірлеріне оралатын қызметкерлерді жұмысқа орналастыру тәртібі белгіленді ме? Ал «қысқарту – қысқартпау» мәселесінде кімге артықшылық беріледі – біздің қызметкерлерге ме, әлде шетелдіктерге ме? – деп сұрады С.Нақпаев.

– Бұл «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин ЛАЙОНМЕН кездесуде талқыланған өте өзекті тақырып. Кездесу барысында кәсіпорын, Энергетика министрлігі және Еңбек министрлігі арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа сәйкес, жұмыстан босату бірден емес, 4 кезеңмен жүзеге асады: бірінші тоқсанда 2700, екінші тоқсанда 9 мыңнан астам, үшінші тоқсанда 11 мың, 4-тоқсанда 13 мың. Шетелдік жұмысшылар отанына оралады, – деді ҚР Премьер министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ. – Қазақстандық жұмысшыларға келетін болсақ, жұмыстан босатылатындардың жалпы санының шамамен 40 пайызын Атырау облысының тұрғындары құрайтынын айта кеткен жөн. Біз оларды НКОК жобаларына тартуды жоспарлап отырмыз. Босатылатын жұмысшылардың қалған бөлігі - Қазақстанның бес өңірінен. Жер-жерде қызу жұмыстар жүргізілуде, адамдар білім алып, басқа кәсіпорындарға жұмысқа тұруы үшін қайта даярлау орталықтары дайындық жасап жатыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 сәуір 2022, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.