Атырау, 24 қараша 20:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украинадағы соғыс: 43-күн

1 204 просмотра

Украинадағы соғыс туралы барлық ақпарат Азаттық радиосынан алынды.

15:45

Луганск облысында жергілікті тұрғындар жаппай аймақтан кетіп жатыр.

Ресейліктер бұл аймаққа шабуылды үдетпек деген хабар шыққан тұста Донецк және Лугнаск облыстарының басшылары, уақытша оккупация жасалған аумақтарды реинтеграция жасау министрі Ирина Верещук тұрғындарды аймақтан кетуге шақырған.

6 сәуірде ғана Донбасстан пойызбен 14 мыңнан аса адам кеткен.


14:28

Украина қарулы күштері бас штабы Ресей Донецк пен Луганск облысына шабуылдауға дайындалып жатыр деп мәлімдеді. Осыдан соң Донбасстан бейбіт тұрғындарды жаппай эвакуациялау бастады.


14:21

Пентагон: Ресей әскерилері Киев пен Чернигов облыстарынан шықты

Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби журналистерге "Ресей әскерилері Киев және Чернигов облыстарынан толық шықты" деп хабарлады.

"Киев пен Чернигов облыстарында ресейлік әскерилердің қозғалысы байқалмайды" деді ол.

Ресей 24 ақпанда Украинаға үш флангтан басып кірген еді. Бірақ кейінгі уақытта Мәскеу күшін Донбасс пен Луганск аймағына жіберіп жатыр. Сарапшылар Путин Киевті ала алмағанын түсінген соң Донбасс аймағына күш салмақ дейді.

AFP ақпарат агенттігі Пентагондағы дереккөзіне сілтеп, Ресей Украинадан 24 мың әскериін шығарғанын, бірақ Украинаға кірген 130 батальонның 80-нен астамы әлі шықпағанын айтқан.


11:52

Ресей дипломаттарын енді Хорватия да қайтармақ

Бұл туралы сәрсенбі, 6 сәуір күні Брюссельде Хорватия сыртқы істер министрі Гордан Грлич-Радман мәлімдеді. Ол Бельгия астанасында НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің жиынына қатысқан.

"Біз мұны ынтымақтастық үшін, сондай-ақ Бучадағы және Украинаның өзге де облыстарындағы жантүршігерлік көріністерге жауап ретінде жүзеге асырамыз" деді Гордан Грлич-Радман.

Осыған дейін Ресей дипломаттарын қайтаратынын Еуроодаққа мүше 13 ел мәлімдеді. Еуропада барлығы 300 ресейлік дипломатты еліне қайтарады.

11:43

Ресейдің "Ұлттық медиа тобы" сайтынан Путиннің "көңілдесі "Алина Кабаева жайлы ақпаратты алып тастаған

Құрамына "Первый канал", "5 канал", РЕН ТВ және СТС арналары кіретін Ресей "Ұлттық медиа тобы" холдингінің сайтынан директорлар кеңесінің төрайымы Алина Кабаева жайлы ақпарат жоғалды. Жақында оппозиядағы саясаткер Алексей Навальный бұл холдингке санкция салуға шақырған. Бұл жөнінде "Агентство" басылымы жазды.

Бірнеше күн бұрын ҰМТ сайтының директорлар кеңесі бөлімінде Кабаеваның үлкен суреті бар парақша болған. Қазір бұл парақша жоқ.

Түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальный бұған дейін Батысты Ресей мемлекеттік арналары мен басшыларына, оның ішінде "Владимир Путиннің көңілдесі" деп айтылатын Алина Кабаеваға да санкция салуға үндеген еді.

2019 жылы Батыстың бірнеше басылымы көркем гимнастика бойынша Олимпиада чемпионы Алина Кабаеваның балаларының әкесі Ресей президенті Владимир Путин болуы мүмкін екенін жазған. Кремль ол ақпаратқа түсініктеме бермеді. Алайда 2019 жылы 23 мамырда Кабаева босанғаннан кейін бірнеше апта өткен соң Путин акушер-гинеколог Лейла Адамянді "Отан алдындағы қызметі үшін" екінші дәрежелі орденімен марапаттаған. БАҚ-тың жазуынша, Кабаеваны Адамян босандырған. Одан бөлек, акушер-гинеколог пен оның қызы Мәскеу орталығынан құны миллиард рубльден асатын жылжымайтын мүлік сатып алған және саудаласу мерзімі бұрынғы гимнасттың аяғы ауыр кезі мен босанған сәтімен сәйкес келеді.

Оған дейін Кабаева Путиннің айналасындағы адамдарға тиесілі "Ұлттық медиа тобының" директорлар кеңесінің құрамына енген. Кабаева холдингтен бір жылда 785 миллион 400 мың рубль ақша алған.

7 сәуір 2022, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.