Атырау, 7 наурыз 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Шетелде әскерде болғанның бәрі интернационалист-жауынгер емес

1 981 рет қаралды

«Кеңес үкіметі кезінде шетелде (сол кездегі ГДР, Польша, Чехословакия, Венгрия, Болгария, Румыния, Монголия, Вьетнам елінде) әскерде болған азаматтар Ауған соғысы ардагерімен теңестіріліп, интернационалист жауынгер атағы беріледі. Одан бөлек 11 медалі, куәліктері бар». Соңғы күндері осындай ақпарат мессенджерлер арқылы тарап жатыр. 

Бір-бірін құттықтаған аудиожазбамен қоса өтініш беру үшін қажетті құжаттар тізімі қоса таралды.

Біз ақпараттың дұрыстығын білу үшін Атырау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне хабарластық. Олар ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, 1 сәуірде әзіл үшін таратылған болуы мүмкін екенін айтты.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 сәуір 2022, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.