Атырау, 24 қараша 21:04
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейге қатысты мәлімдеме жасаған Сүлейменовке Евсеев жауап берді

1 440 просмотра

ТМД елдері институтының әскери сарапшысы Владимир Евсеев МК басылымына сұхбат берді. Ол өз сөзінде ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды orda.kz.

Оның айтуынша, Қазақстандағы кейбір шенеуніктер АҚШ-пен дос болу мақсатында Ресейге қарсы шыққан.

«Қазақстандағы кейбір шенеуніктер АҚШ-пен жақсы дос болайық деп Ресейге қарсы шығуда. Сіздер өздеріңізге нақты не керегін анықтап алыңыздар. Тағы Қаңтар қырғыны орын алса, біз сіздерге көмектеспейміз» дейді сарапшы.

Ол қаңтар оқиғасы кезінде елдегі жағдайды Ресей бітімгерлері қалыпқа келтіргеніне сенім білдірді.

«Ресей Қазақстанға бітімгерлерді жіберді, соның арқасында Қазақстандағы тұрақтылықты сақтап қалды. Ал қазір кейбір шенеуніктер «Құдай сақтасын, бізге АҚШ қарсы санкциялар енгізбеуі үшін олармен жақсы дос болайық» деп жатыр. Сіздер нақты не қалайтындарыңызды анықтап алыңыздар. Сіздер Қаңтарда жүзеге асырмақшы болған «түрлі-түсті революцияны» қалайсыздар ма? Мүмкін, сіздер тіпті «түрлі-түсті революцияның» жақтаушысы шығарсыздар? Егер «түрлі-түсті революцияның» жақтаушысы болсаңыздар, онда сіздерге қарсы іс қозғауға болады. Өйткені, Қазақстанға төңкеріс жасамақ болған Ресей Федерациясы емес» деп ренішін білдірді Евсеев.

Ол Қазақстанда қасіретті қаңтар қайталанса, Ресей көмекке келмейтінін айтты.

«Қалай болғанда да, Ресей араласуға мәжбүр болады. Бірақ, егер Қазақстанда Ресейге қарсы сөздер насихатталса, министр болып «русофобтар» тағайындалса, егер қаңтардағы қайғылы оқиғаға әкеп соқтырған бұрынғы көпвекторлы бағытты жалғастыруға талпыныстар болса, онда Ресейге оған кезекті рет көмектесу керек пе деген шешім қабылдау қиын болады. Бұл Қазақстанның өз таңдауы» деді сарапшы.
5 сәуір 2022, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.