Атырау, 7 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +20
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысының әкімі үш аудандағы мал ауруына қатысты жиын өткізді

1 555 просмотра

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мал ауруына қатысты  жиын өткізді деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға Алматыдан арнайы шақырылған Қазақ Ғылыми-зерттеу ветеринария институтының, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының сондай-ақ Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы РМК мамандары мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы және селекторлық режимде - аудан әкімдері қатысты. 

Өз кезегінде ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТ Алматыдан арнайы келген мамандармен және құрылған комиссиямен бірге Исатай, Құрманғазы және Қызылқоға ауданына барып келгенін мәлімдеді. Оның сөзінше, зерттеу үшін ауруға шалдыққан деп жорамалданып отырған малдың қаны мен ішкі ағзаларының сынамасы алынған. 

Қазақ Ғылыми-зерттеу ветеринария институтының маманы Серікбай Қадыров:

- Жүргізілген зерттеулердің алдын-ала қорытындысына сүйене отырып, мынаны айтуға болады: ауырған малда қауіпті, жаппай таралатын инфекция жоқ. Бір байқағанымыз, ауырды деген малдың күйі нашар. Зертханалық тексерудің нәтижесін алған соң, нақты қорытындысын айтамыз. Ол үшін шамамен 10-15 күн уақыт керек. Жалпы ауырды деген малдан жүйке-паралитикалық интоксикация нышандары байқалды. Ал, қазіргі сәтте сараптама шыққанға дейін арнайы ерітінділерді қолдана отырып, деинтоксикация курсын өткізуге кеңес беремін. 

Махамбет Досмұхамбетов:

- Сараптама нәтижесі шыққан бойда шұғыл түрде тиісті іс-шараларды қабылдаңыздар. Ал, қазіргі сәтте берілген нұсқаулық бойынша алдын ала емдеу жұмыстарын ұйымдастыра беріңіздер. Шаруа қожалықтары мен мал иелерімен байланыста болып, атқарылып жатқан жұмыстан хабардар етіп, мамандар айтқан емдеу тәсілін түсіндіріңіздер.

Дайындаған Ляззат КАРАЖАНОВА

Суреттер облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

5 сәуір 2022, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.