Атырау, 7 қазан 07:21
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі»​ 2 млрд теңгені заңсыз​ алған - ҚМА

1 804 просмотра

Атырау облысында мұнайгаз саласындағы монополистік ұйымның жолы кесілді деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

"Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС (бұдан әрі-СМГСП ЖШС) басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

2017-2021ж.ж  кезеңінде «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана  отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткені анықталды.

«СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгені құрап, ол толық көлемде қайтарылды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де дерек жариялауға жатпайды".


4 сәуір 2022, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.