Атырау, 24 қараша 19:25
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

500 мыңнан астам босқын Украинаға оралды

1 234 просмотра

537 мыңға жуық босқын Украинаға оралды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігінің мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме беріп.  

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы қақтығыс басталғаннан бері Украинадан 4,2 миллионға жуық адам кеткенін хабарлайды. Бұл көрсеткіш бір күн бұрынғыға қарағанда 39 мыңға жоғары.

Украиналық босқындардың жартысынан көбін Польша қабылдады, салыстырмалы түрде Румынияға 4 есе аз адам келді. Молдова, Венгрия және Словакия, Ресей мен Беларусь 360 мыңнан астам адамды қабылдады, негізінен олар Донбасстан.

Бұл ретте БҰҰ-ның хабарлауынша, Украинадан көрші елдерге өткен босқындар ары қарай жолын жалғастыруда.

“Біздің көргеніміз өте қорқынышты. Харьковтан шыққан бір отбасы минаға тап болды, бұл өте қорқынышты жағдай, тек бір бала аман қалды. Чугуевте қорқынышты жағдай, зорланған әйелдер ауруханаларға жүгінуде. Мұның бәрі сұмдық”, – дейді Ольга есімді Харьков тұрғыны, босқыны.

“Олар бізге бомба тастады. Кеткім келмеді, қалғым келді, бірақ кетуге мәжбүр болдым. Онда шу көп. Соңғы аптада ұйықтау мүмкін болмай кетті, бір орныңда әрі қарай не болатынын күтіп отыру ғана қолыңнан келеді”, – дейді қаланың тағы бір тұрғыны Анастасия.

Жалпы алғанда, 10 миллионнан астам адам (халықтың төрттен бір бөлігі) елден кетіп, Украинаның басқа аймақтарына көшіп, үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

 ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, Украинадағы 7,5 миллион баланың жартысынан көбі –  үйін тастап, ел ішінде босып жүруге мәжбүр болғандар. 


4 сәуір 2022, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.