Атырау, 7 қазан 07:19
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бөтелкелесін ұрып өлтірді

1 559 просмотра

1 сәуірге қараған түнде Құлсары қаласында жанжалдың соңы адам өлімімен аяқталды.

Оқиға "Төртінші ауыл" ықшам ауданындағы дүкен қасында болған. Бастапқыда екі ер адам ішімдік ішіп, соңында жанжалдасқан. 39 жастағы ер адам 54 жастағы егде адамды арақтың бөтелкесімен басынан ұрып өлтірген. Өлтіруші оқиға орнынан қашып кеткен. Бірақ жергілікті полицияның жедел әрекет етуінің арқасында күдікті ұсталып, уақытша оқшау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 сәуір 2022, 01:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.