Атырау, 24 қараша 19:56
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Путин газды рубльмен сату туралы жарлыққа қол қойды

1 470 просмотра

Қазір Украинаның оңтүстігі мен Донбаста жағдай өте ауыр. Өйткені Ресей бұл аймақта жойқын соққы жасауға әзірленіп жатыр деп мәлімдеді Владимир Зеленский. Сондай-ақ Украина президенті Кремль басып алған Херсон аймағында референдум өткізуі мүмкін екенін де алға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Ал Ресей Мариуполь тұрғындарын босатуға уәде берді. Бірақ Киев билігі бұл қарсылас елдің шабуылды бәсеңдетуі емес, керісінше,  олар әскерін күшейтуі мүмкін деп алаңдап отыр.

«Донбаста, Мариупольда және Харьков бағытында Ресей тарапы өздерінің әскерін көбейтіп жатыр. Бірақ біз өзімізді қорғаймыз. Біз жерімізді басқыншылардан тазарту үшін бәрін жасаймыз», –  деді Украинаның президенті Владимир Зеленский. 

Ал Владимир Путин батыс елдеріне газды рубльмен сату туралы жарлыққа қол қойды. Оның айтуынша, бүгіннен бастап көгілдір отынды сатып алушылар бұл талаптан бас тартса, онда міндеттемелердің орындалмағаны. Сондай-ақ Ресей билігі Мариуполь қаласынан қашып шықпақ болған «Азов» арнайы күштерін тас-талқан еткенін және Украинаның  2 тікұшағын атып түсіргенін хабарлап отыр.

«Ресейдің табиғи газына ниеттес емес елдерге сатуды реттейтін жарлыққа қол қойдым. Енді біздің көгілдір отынды алу үшін рубльмен есеп айырысатын шот ашу қажет болады. Газ жеткізуге арналған бұл төлем жүйесі 1 сәуірде күшіне енеді. Бұл өз кезегінде біздің қаржы-экономикалық егемендігімізді нығайтудағы маңызды қадам болып табылады», –  деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.

Владимир Путиннің жаңа жарлыққа қол қоюы батыс елдерінің назарынан тыс қалмады. Еуропа мемлекеттері Ресей президентінің бұл әрекетіне қарсы жауап ретінде төлемді рубльмен өтеуден бас тартқанын тағы да растады. Ал Германия Мәскеуден келісімшарт талаптарын бұзбауды талап етуде.

«Біз газ жеткізу келісімшарттарын қарастырдық. Онда төлемдер көбінесе еуромен немесе доллармен жүзеге асырылады деп жазылған. Сондықтан мен Ресей президентімен сөйлесу барысында бұл талап өзгертілмейтінін нақты айттым», – деді Германияның канцлері Олаф Шольц.

Айта кету керек, батыс елдері Ресейге қарсы санкциялар легін кеңейтуді жалғастыруда. Бүгінде 200-ден аса ресейлік компания тек АҚШ-тың шектеулеріне ілінген. Ал Ұлыбритания Мәскеуге қарсы санкцияны 2 есе ұлғайтты. Осыған байланысты Ресей билігі Еуропалық Одақтың жоғары басшылығына елге кіруге тыйым салып отыр.

1 сәуір 2022, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.