Атырау, 7 қазан 07:25
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Ғалымдар жылқылардың немен ауырып жатқанын анықтауға келді

Сурет
1 699 просмотра

Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдейді. 2022 жылдың 30 наурызында 4 бас мал өлген, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр.

24 наурызда биологиялық материалдар алынып, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.

31 наурызда Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылардың арасындағы аурудың диагнозын анықтау үшін сынама алу мақсатында Атырау облысына келді.

Қызылқоға ауданындағы «Ойтаң» шаруа қожалығындағы қой мен ІҚМ қырылуына қатысты, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректері бойынша, жануарлар малды азықтандыру және тамақтандыру шаруашылығы технологиясын  бұзу салдарынан өлді.

Сонымен қатар, комитетке Махамбет ауданының «Мутиев Г.Д.» ШҚ-дағы және Құрманғазы ауданының тұрғыны Самат Елемесовтың малдарының қырылуы фактілері бойынша эпизоотологиялық тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді. Комиссия құрылып, оның құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері, ғылыми қызметкерлер кірді. Баспасөз хабарламасында хабарланғандай, ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

1 сәуір 2022, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.