Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан аумағындағы Қарабақ қақтығысына қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, Әзербайжан үшжақты мәлімдеменің барлық шарттарын орындап жатыр. Ол ешқандай келісімді бұзған жоқ.
«Әзербайжан шабуылға қарсы тұруға мәжбүр болды. Үшжақты мәлімдеменің шарттарына сәйкес, Армения қарулы құрылымдары Әзербайжанның халықаралық мойындалған аумақтарынан шығарылуы керек», – деді Ердоған.
1 сәуір 2022, 12:03