Атырау, 7 қазан 07:14
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қатты желдің салдары және құтқарушылардың жұмысы

Сурет
1 920 просмотра

29 наурызда Атырау облысында  22-28 м/с-қа дейін ұйытқыған жел электр желілерін зақымдап, бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Құтқарушылар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Тәулік ішінде 112 номіріне 34 қоңырау түсті (қаладан - 28, аудандар бойынша - 6).

- Атырау қаласында Нұрсаядағы, Привокзальныйдағы, Абай, Момышұлы, Тайманов көшелеріндегі 12 тұрғын үйдің шатыры, қаптамасы, қасбеті ішінара ұшып кетті. Новостройка кентіндегі №35 балабақшаның карнизі бүлініп, Владимирский, 98 мекен-жайындағы облыстық ауруханада ауданы 35 ш.м. болатын сыртқы қаптамасы құлаған. Лесхоз ықшамауданындағы арнайы мектептің қоймасының шатыры ұшқан, Құрманғазы ауданындағы «Құрманғазы» Мәдениет үйінде 5 ш.м. аудандағы шатырға, локомотив депосында 600 ш.м. аудандағы шатырға зақым келген, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-нің қоғаммен байланыс тобы.  

Мақат ауылында Әлиев көшесі, №80/3 және Мұқашев көшесі, 35 мекен-жайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің шатырлары ішінара ұшып кеткен. 

Индербор кентіндегі өнер мектебінде ауданы 96 ш.м. болатын сыртқы қаптама ұшып кеткен.

Махамбет ауылында аудандық аурухана шатыры қайырылып қалған. Ақтоғай ауылында орта мектептің 12 ш.м. аудандағы шатыры құлайын деп тұр.


Қызылқоға ауданында Тайсойған, Жамансор, Кенбай, Жанкелдин, Ойыл, Көздіқара ауылдарында жарық көзі өшкен. Қазіргі уақытта барлық абонент қосымша желіге қосылған, зақымдалған жоғары вольтты желіні қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Атырау қаласында Сарықамыс ы/а, Қызылбалық Геолог, Ақжар ауылдарында электр желісіне зақым келген. Қазіргі уақытта барлық абонент қосылған.

ТЖД-де төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін штаб құрылды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарының көмегімен конструкцияның авариялық фрагменттерін бекітіп, жолдарды құлаған конструкциялардан тазартты. Орын алған барлық жағдайда зардап шеккендер жоқ. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

31 наурыз 2022, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.