Атырау, 20 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Туды желбіретіп, заң бұзған

Бейнежазба
1 860 просмотра

Атырауда 30 наурызда сағат 18.30-да Құрманғазы көшесінің бойында келе жатқан 4 көліктегі жастар терезеден беліне дейін денесін шығарып, Қазақстанның туын желбіретіп келе жатты. Бұл патрульдік полицейлердің назарын аударып, олар төрт көліктің жүргізушісі мен жолаушыларын ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша оннан астам хаттама толтырды.

Ол жерде маневр жасау ережесін сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау, «жаяу жүргіншілер мен жолаушылар қозғалысы ережесін бұзу», кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы, мемлекеттік нөмірдің болмауы, апатты жағдай туғызу және т.б. заң бұзушылықтар бар.

Бұдан басқа, жолаушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабының 1-бөлігі («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын пайдалану тәртібін бұзу») бойынша хаттама толтырылып, әрқайсысына 153 150 теңге айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

ПД жолдаған бейнежазба

31 наурыз 2022, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.