Атырау, 7 қазан 07:17
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Психотроптық препарат сатушы «клиенттермен» икемді жұмыс істеген

1 585 просмотра

28 наурызда Атырауда полицейлер 48 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тінту кезінде оның "Береке» ықшамауданындағы пәтерінде ірі көлемде психотроптық есірткі заттары табылды. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 114 дана «Трамадол», 18 дана «Лирика», 807 дана «Тропикамед», 10 дана «Сомнол» тәркіленді. Бұдан басқа, азаматтардың жеке басын куәландыратын 35 құжат және 1 375 000 теңге ақша табылып, тәркіленді. Ұсталған әйелдің айтуынша, ол «клиенттерге» психотроптық есірткі заттарын қарызға беріп, олардың құжаттарын кепіл ретінде алып отырған. 

- Психотропты дәрілерді заңсыз сатқан тұлғалар бір пәтер арқылы дәрі сатып, көрші пәтерді «қойма» ретінде пайдаланған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тұрғындардан осындай деректер туралы дереу «102» операторына хабарлауды сұраймыз, - дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ

Еске салсақ, бір ай бұрын "Береке" ықшамауданында қанды шприцтер табылып, жұртшылықтың наразылығын тудырған болатын. Полицейлер сол ықшамауданнан психотроптық препараттар сатумен айналысқан әйел адамды ұстап, тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

31 наурыз 2022, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.