Атырау, 29 қыркүйек 04:13
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Атырауда сапёрлер Құлмановтағы «Сбербанк» бөлімшесінен бомба іздеп жатыр

1 721 просмотра

30 наурызда Атыраудағы Құлманов көшесіндегі «Сбербанк» филиалына бомба қойылғаны туралы хабарлама түскені «АЖ»-ға белгілі болды. Қазіргі уақытта ғимараттың айналасы қоршауға алынған. Полиция департаменті қоңырау фактісін растады.

Қазір сол жерде келіп түскен хабарлама бойынша жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілуде. Атырау облысының ПД баспасөз қызметі толығырақ ақпаратты сәл кейін беруге уәде етті.

Бұл ретте Қазақстанның басқа өңірлеріндегі «Сбербанк» бөлімшелеріне қатысты осындай әрекеттер туралы ақпарат түсіп жатыр. Атап айтсақ, қазір көршілес Оралда да жағдай осындай.

Айнұр САПАРОВА

31 наурыз 2022, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.