Атырау, 7 қазан 07:15
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сағыз ауылын су басу қаупі сейілді

Сурет Бейнежазба
2 274 просмотра

Сағыз ауылын Ноғайты өзенінен тасыған су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды Атырау облысы ӨКҚ қызметі.

30 наурызда сағат 22.00-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында қар суының еруі салдарынан Сағыз станциясы арқылы өтетін Ноғайты өзенінде су тасқыны болды. Су деңгейі шамамен 3 м-ге көтерілді. 

Еске салсақ, Ноғайты өзені Ақтөбе облысынан Атырау облысы Сағыз ауылына ағып, Қоңырсай өзеніне құйылады.

30 наурызда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы арқылы өтетін Ноғайты өзенінің тасуы салдарынан аталмыш елді мекендегі 24 үйді су басу қаупі туындады. Қауіпсіздік мақсатында осы үйлердегі 50 тұрғын, соның ішінде 23 бала жергілікті мектептің, колледждің ғимараттарына уақытша эвакуацияланды, туыстарына орналастырылды.

Алдын ала су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізілгендіктен, бірде-бір үй мен аула су тасқынынан зардап шеккен жоқ.

20 дана техника, әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары, басқа мекемелердің өкілдері мен еріктілер – барлығы 200-ден астам адам жұмылдырылды. Су басу қаупі төнген жерлерге олар құм салынған қапшықтардан және топырақ үйіндісінен бөгет жасады.

Ауыл тұрғындары бұрын Ноғайты өзенінің бұрын-соңды бұлай тасымағанын айтады. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасып отыр. 31 наурызда сағат 9.00-де су деңгейі төмендеді. Ноғайты өзені арнасына түсіп, су басу қаупі сейілді. Сағат 03.30-да қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындарына үйлеріне оралды.

- Өзен деңгейі екі метрге төмендеді. Ноғайты өзеніндегі су деңгейін қадағалау үшін Сағыз станциясының №12 өртке қарсы күрес қызметінің қызметкерлерінен кезекшілік қойылды, - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі тобы.

Сағыз ауылында аудан ауданы Нұрсұлтан Бисембиевтің басшылығымен арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ТЖД жолдаған суреттер мен бейнежазба 

31 наурыз 2022, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.