Атырау, 7 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мал неден қырылып жатыр? Атырау облысына елорда мен Алматыдан мамандар келеді

1 431 просмотра

«Исатай және Құрманғазы ауданында бірнеше жылқы малының белгісіз себептен өлгені анықталды», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі.  Бұдан бұрын «АЖ» Атырау облысының 4 ауданында малдың өліп жатқанын хабарлаған болатын.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді САЛАМАТТЫҢ айтуынша, олардың себебін анықтау үшін 25 наурыз күні жергілікті ветеринар мамандар сынама алып, Ұлттық ветеринариялық референттік орталыққа тапсырған. Астаналық сарапшылар жылқыларда инфекциялық анемия мен ринопневмония аурулары, яғни аса қауіпті жұқпалы аурулар болмағанын анықтады. 

Қазір жергілікті ветеринарлар малдары ауруға шалдыққанын хабарлаған бірнеше фермердің жылқысына симптоматикалық емдеу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Атырау облысының әкімдігі өңірге Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының мамандарын шақырды. Наурыздың 31-і мен сәуірдің 2-сі аралығында олар жоғарыда аталған екі ауданда  сынама алып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 наурыз 2022, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.