Атырау, 24 қараша 20:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бес ел Ресейге қарсы санкцияларды күшейту жоспарын жариялады

1 199 просмотра

АҚШ президенті Джо Байден, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Италия премьер-министрі Марио Драги, Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц Украинадағы жағдайды талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телефон арқылы сөйлескен ел басшылары Ресейге қарсы санкцияны күшейтіп, Украинаға әскери, экономикалық және дипломатиялық қолдау көрсетуді жалғастыру ниеттерін мәлімдеді. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның кеңсесі мәлімдеді.

"Олар Украина басынан өткерген сұмдық жойылмайынша, Батыстың шешімін әлсіретуге болмайды деп келісті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Италия премьер-министрі Марио Драги кеңсесі Еуропа елдері мен АҚШ-тың Украина бойынша келіссөздерге қолдау білдіргенін хабарлады.

"Көшбасшылар гуманитарлық дәліздермен қамтамасыз ету және босқындарды қолдау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Украина халқы мен мемлекеттік мекемелеріне көмек көрсетуде тығыз үйлестірудің маңыздылығын айтты. Сондай-ақ олар жалғасып жатқан келіссөздерге қолдау көрсету қажеттілігі туралы айтты", - деді Италия үкіметінің басшысы мәлімдемеде.

Бес мемлекет басшысы сондай-ақ, халықаралық энергетикалық архитектураны қайта құрылымдау және ресейлік көмірсутектерге тәуелділікті азайту үшін бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін талқылады.

Бұған дейін Еуропалық Одақ Украинаға басып кіруге қатысы бар ресейлік тұлғалар мен құрылымдарға қарсы төртінші санкция пакетін бекіткен болатын.

30 наурыз 2022, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.