Атырау, 7 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қатты жел Атырау әуежайындағы рейстердің кешігуіне себеп болды

Сурет
1 667 просмотра

Кеше қатты шаңды дауыл салдарынан кейбір әуе рейстері уақытынан кешіккен. Редакцияға күндіз Шолпан есімді Атырау қаласының тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, сағат 11:20-дағы Атыраудан Нұр-Сұлтанға ұшатын Scat авиакомпаниясы орындайтын ұшақтың белгісіз себеппен ұшпай қалғанын, билеттің ақшасы қайтарылмайтыны туралы хабарлама алғанын айтып шағымданды.  

- Бүгін таңертең ертемен Нұр-Сұлтан қаласындағы сауықтыру орталығының біріне баламды квотамен емдетуге апаруым керек болатын. Ұшақ ұшпай, билеттің ақшасын да қайтармай қойды. Кешегі күнге басқа ұшақтар бағасы 65-90 мың теңгеден. Амалсыз Ақтау қаласы арқылы басқа рейспен ұшуды жоспарладым. Ал, ұшпай қалған билеттің ақшасын қалай қайтып аламыз? - дейді Шолпан.

Біз Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайына барып, жағдайды білдік. Әуежайда бұдан да өзге әуе компанияларының рейстерінің кешіктірілу себебінен күту аймағында адам толы екен.

Scat авикомпаниясының қызметкерлері ұшақтың техникалық себептермен ұшпауына байланысты билет ақшасы жолаушылардың қалауы бойынша толық қайтарылғанын және басқа рейске ауыстырылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, жолаушылар үшін қонақ үй де қарастырылған. Scat билет ақшасы қайтарылмайтыны туралы хабарламаның қате жолданғанын растап отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

30 наурыз 2022, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.