Атырау, 7 қазан 07:19
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қатты жел шатыр мен қаптамаларды жұлып алды

Бейнежазба
1 990 просмотра

29 наурызда Атырау қаласында  жылдамдығы секундына 22-28 метрге жеткен желдің  салдарынан 9 төтенше жағдай тіркелді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының құтқарушылары күшейтілген режимге көшірілді. 

- Қатты желдің салдарынан 6 тұрғын үйдің шатыр бөліктері ұшып кетті: Қ.Сатпаев,  М.Баймұқанов, 39а, Қожақаев, 27, М. Әуезов, 57, Азаттық даңғылы, 72, ал Алмагүл, №2 үйдің қаптамасы түсіп қалды. Сонымен қатар, Ақжар поселкесіндегі «Ақбөбек» және Нурсая №29 мекен-жайында орналасқан 2 балабақшаның шатыр бөліктеріне желден зиян келді. Мақат ауданында Әлиев көшесі, №80/3 мекен-жайындағы көпқабатты тұрғын үй шатырының бір бөлігі ұшты, - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Құтқарушылар алпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, бүлінген шатырларды орнына нығайтып, көлік жолына түскен шатырларды жинап алды. 

Тұрғындарға жедел көмек көрсету үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 20 құтқарушысы мен 4 техникасы жұмылдырылды. 

- Сағат 15.10-да Атырау облыстық кардиологиялық орталығының 3 қабатты ғимаратының 100 шаршы метр алаңындағы шатыры ұшты. Зардап шеккендер жоқ. Апатты жағдайды жою үшін 4 қызметкер мен 1 техника шықты, - дейді ТЖД өкілдері. 

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне 3 адам көмекке жүгінген. Үшеуі де қатты желден қақпаны жаба алмай, зардап шеккен. Бір науқастың қолы сынып, травматология бөлімшесіне орналастырылды. Қалғандары амбулаториялық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. 

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

30 наурыз 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.