Атырау, 7 қазан 07:16
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау әкімдігі: «Жол жөндеу жұмыстары сәуірде басталады»

Сурет
1 749 просмотра

Атырау қаласында ойық-шұңқыр жолдар мен көпірлердің тас жолын тегістеу жұмыстары сәуір айының бірінші жартысында басталады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігі хабарлады. 

Бұдан бұрын жалпы сомасы 324 миллион 313 мың теңгеге қалада жолдардың ойық шұңқырларын бітеу жұмыстары наурыз айының ортасында қаланың орталық көшелерінен басталатынын жазған едік. Бірақ жұмыстар кешіктіріліп, мұны қала әкімдігі өз сайтында түсіндіруге тырысты:

«2022 жылы жалпы ауданы 25 мың шаршы метр жолдарды жөндеу жоспарлануда. Ауа-райының жағдайын және қолданыстағы ҚР ҚН нормаларына қойылатын талаптарды ескере отырып, асфальт төсеу жұмыстарын бастау күннің жылынуымен, сәуірдің бірінші жартысына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта автомобиль жолдарының зақымдалған учаскелерін тексеру және өлшеу жұмыстары жүргізілді».

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

30 наурыз 2022, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.