Атырау, 7 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Үлескер болғыңыз келсе, құжаттарды тексеріңіз

1 475 просмотра

Атырауда қолдарында ешқандай рұқсат құжаты жоқ екі тұрғын үй құрылыс кооперативі үлескерлерді тартқан. Мұндай фактілерді қала прокуратурасы осы салада жүргізген тексеру барысында анықтады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестік қатысу үш жолмен жүзеге асырылуы мүмкін – бірыңғай оператордан кепілдік алу; екінші деңгейлі банк жобасына қатысу; жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады. Көппәтерлі тұрғын үй салуға жеке және заңды тұлғалардың қаржы құралдарын басқа тәсілмен тартуға тыйым салынады.

Бұл кооперативтер үлескерлерді ешқандай рұқсат құжаттары, соның ішінде бірыңғай оператордың кепілдігі болмаса да, БАҚ-тардағы заңсыз жарнама арқылы тартқан. Атырау прокуратурасының бөлім басшысы Ерлан КАКИЕВТІҢ хабарлауынша, үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін осы компаниялардың басшылығына қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 наурыз 2022, 23:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.