Атырау, 2 мамыр 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

«Әлем. Өнер. Әсер»

Сурет
1 733 рет қаралды

Осындай тақырыпта Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек МҰХТАРОВТЫҢ  жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Тақырыбы расында да бұл оқиғаның маңызын көрсеткендей: бұл әлем де, өнер де және үлкен әсер.

Көрмеге Т.Мұхтаровтың театр қойылымдарына дайындаған 50 ге жуық жұмыстары қойылған. Олар республикалық, халықаралық театр фестивальдарында биіктен көрінген.      

- Осы кезге дейін 50 спектакль қойған екенмін. Көрмеге әрқайсының тек бірер нышандарын алып келдік. Көрмеге келгендер өнер әлеміне өз бағасын беріп, рухани ләззат алады деп сенемін, - дейді шебер.

Көрме 20 сәуірге дейін жалғасады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор   

28 наурыз 2022, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.