Атырау, 7 қазан 09:29
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда коронавирусқа қатысты шектеулер түгел дерлік алынып тасталды. Дегенмен…

1 999 просмотра

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Атырау облысының бас санитариялық дәрігері Мәдениет ТАНАУОВТЫҢ айтуынша, соңғы күндері бізде коронавирус инфекциясының жаңа жағдайы тіркелмеген. Осындай үрдіс бүкіл елде байқалады.

Бірнеше жылдан бері алғаш рет Наурыз мейрамы облыста бұрынғыша кең көлемде аталып өтілді. Мейрамханалар енді тойға шақырылатын қонақтардың санына шектеу қоймайды, сауда орталықтары «Ashyq» арқылы кіруді, бетперде киюді талап етпейді. Қалыпты өмір сүру режимін жатырқап қалыппыз.

Сонымен қатар, облыстың бас санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы соңғы қаулысымен көптеген шектеулер алынып, ойын-сауық мекемелеріндегі іс-шаралар, спорттық жарыстар және т.б. рұқсат етілді.

– Шын мәнінде, санаулы шектеулер ғана қалды – бұл тұрғындарға баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған орынжайларда және қоғамдық көлікте, сондай-ақ мектептерде бетперде режимін сақтау қажеттілігі. Сонымен қатар, COVID-19-ға ұқсас ауру белгілері бар (қызудың көтерілуі, жөтел, түшкіру) адамдарға арналған маска режимі. Кәсіпкерлер «Ashyq» мобильді қосымшасын өз шешімімен ерікті түрде, қызметін шектемей пайдалана алады. Бұрынғы қаулыларда белгіленген қалған шектеулер алынып тасталды. Кафелер мен мейрамханаларда отбасылық мерекелер келушілер санына шек қойылмай өткізіледі, – дейді М.Танауов. Дегенмен, ол вирус ауруларының эпидемиялық маусымы әлі аяқталмағандықтан сақ болуға кеңес береді. Сондай-ақ, жақында көптеген қала тұрғыны Наурыз мерекесіне арналған көпшілік шараларға қатысты. Осыған байланысты эпидемиологтар алдағы 10 күнде жағдайды бақылап, соның нәтижесіне қарай мектептердегі бетперде режимі туралы шешім қабылдауды көздеп отыр.

Қазір көп жазылып жүрген «дельтакронға» келетін болсақ, бас санитар дәрігердің айтуынша, ол «омикрон» штаммының түршесі болып табылады және аса қауіпті емес: ол өте жұқпалы емес, оның зақымдау дәрежесі төмен және ауру баяу өтеді. Әзірге Қазақстанда «дельтакрон» анықталған жоқ.

Дегенмен, босаңсуға болмайды. Эпидемиологиялық маусымның аяқталуы қауіпсіздік кепілі емес. Еске салсақ, өткен жылы өңірімізде індет шілде-тамыз айларында көбейген еді. Тамыз айында антирекорд тіркелді - күніне 627 адам COVID-19 ауруын жұқтырды. Ол кезде жұқпалы аурулар стационарларында 1760 науқас емделді, 86 пациент жансақтау бөлімінде өмір үшін күресіп жатыр, 9 адам ИВЛ аппаратына қосылды, 6070 адам үйден ем алуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 наурыз 2022, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.