Атырау, 24 қараша 19:33
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Еуроодақ басшылары Украинамен ынтымақтастық қорын құруға келісті

1 672 просмотра

Еуропалық Одақтың мемлекет және үкімет басшылары Ресейдің әскери операциясы аяқталғаннан кейін елді қалпына келтіруді қаржыландыру үшін Украинамен ынтымақтастықтың сенімді қорын құруға келісті. Бұл туралы Брюссельде Еуроодақ саммитінің бірінші күнгі мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

«Ресей әскерінің Украинаға келтірген қиратулар мен ауқымды шығындарын ескере отырып, ЕО Украина үкіметіне оның шұғыл қажеттіліктерін қанағаттандыру және Ресейдің шабуылы аяқталғаннан кейін демократиялық Украинаны қалпына келтіру үшін қолдау көрсетуге дайын. Осы мақсатта Еуропалық кеңес Украинамен ынтымақтастық қорын құруға келісіп, оған халықаралық серіктестерін қатысуға шақырады, сондай-ақ дайындықты кешіктірмей бастауға үндеп отыр», - делінген мәлімдемеде. 

Саммитке қатысушылар сонымен қатар Киевке Ливия мен Сирияға көмек көрсету үшін өткізілген тұрақты конференциялар сияқты халықаралық донорлар конференциясын өткізуге уәде берді. Құжатта Еуропалық Одақтың Украинаға саяси, қаржылық, материалдық және гуманитарлық қолдау көрсетуді жалғастыратыны баса айтылған. Еуроодақ елдерінің көшбасшылары сондай-ақ Ресей мен Беларуське қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізуге дайын екенін мәлм етті.

«Санкциялардан айналып өту немесе Ресейге басқа да жолмен көмектесу әрекетіне жол берілмеуі тиіс», - деді олар. Сонымен қатар, Еуроодақ елдерінің басшылары Украинаны газ және электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

25 наурыз 2022, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.