Атырау, 7 қазан 09:27
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау әкімдігі Ретро саябақты өзіне қайтарып, қалпына келтіруге уәде берді

Сурет
2 109 просмотра

Атыраулықтар Тұрғындар қалашығы ықшамауданындағы күтімсіз қалған Ретро саябақтың қазіргі жағдайына алаңдаулы. Жақында Азамат есімді қала тұрғыны әлеуметтік желіде сынған жарық шамдардың, жаңбыр суынан опырылған өрнектастардың суретін жариялап, саябақтың күннен күнге көз алдымызда тозып жатқанын жеткізді.  

Ретро парк 2017 жылы ТШО демеушілігімен «Игілік» бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген еді. 2019 жылы саябақты күтіп ұстау үшін «Трава у дома» ЖШС не 10 жылға сенімгерлік басқаруға берді. Серіктестіктің бірнеше жоспары болды, олардың жүзеге аспауын серіктестік өкілдері пандемияның басталуымен байланыстырды. Ақырында былтыр күз айында ЖШС оны қайтадан әкімдікке тапсырған. 

Атырау қаласы әкімдігіндегілер ол жерде жақын арада жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайтадан қалпына келтіріледі деді. Қала басшылығы саябақ тұрғындардың серуендеп, демалатын орнына айналады деп сендірді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор және әлеуметтік желіден

 

 

25 наурыз 2022, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.