Атырау, 7 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Су тазарту стансасынан өрт шығып, ауылдар сусыз қалды

2 015 просмотра

22 наурызда 18.15-те болған өрт салдарынан Құрманғазы ауданында кейбір ауылдар сусыз қалды. 

- Кешеден бері бір тамшы су жоқ. Енді қайдан аларға білмей жатырмыз. Қиғаш өзенінен оны әкелудің өзі әбігер. Су таситын водовоздарды неге ұйымдастырмайды? - дейді Алға ауылының тұрғындары. 

Су жетпестігі жалғыз бұл ауылда ғана емес бұдан бөлек төрт ауылда жоқ. Негізі өрт Ж. Нәжімеденов ауылындағы 1-ші су сорғы стансасынан шыққан. Шатырымен қоса насостың кейбір бөлшектерін өрт шалған. 

- Ж.Нәжімеденов ауылындағы су тазарту қондырғысынан (СТҚ) Жұмекен, Мақаш ауылы, Дәулеткерей, Көкарна, Алға, Иманов, Қарқұл елді мекендері алады. Өрт токтың тұйықталуынан болған. СТҚ өзі екі сорғыдан тұрады, соның 1-шісі өртеніп отыр. Ал екінші су сорғыда жиналып тұрған 200 текше метр су Мақаш, Нәжімеденов, Дәулеткерей ауылдарына бүгін кешке дейін жетеді. Ал Алға, Иманов, Қарқұл, Көкарна елді мекендерінде кешеден бері су жоқ, - дейді аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Шынболат МУСИН

Бүгінде 1-ші су сорғы стансасын қалыпқа келтіру үшін жөндеу жұмыстары қолға алынды. Аудандық ТКШ бөлімі басшысы 24 наурыз күні кешке дейін су беріледі деп сендіріп отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 наурыз 2022, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.