Атырау, 7 қазан 09:28
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Оқиғалар тізбегі

Бейнежазба
1 976 просмотра

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында Лесхоз ықшамауданында 35 жастағы Атырау тұрғынын жеке тінту кезінде одан салмағы 60,9 грамм болатын 80 дана орам синтетикалық есірткіге ұқсас заттар табылып, тәркіленді.

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») сотқа дейінгі тергеу басталды, -деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ. -  Ұсталған азамат Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


***

Атырауда "Лада Приора" көлігінің жүргізушісі полициядан қашпақшы болып, Жайыққа секіріп кетті.

Бұған дейін Владимирский және Ғұмаров көшелерінің қиылысында аталған автокөлік күдік тудырып, полиция оны тоқтатуға тырысады. Алайда, көлік жүргізушісі тоқтамай, автокөлігінен түсіп, көпірге қарай жаяу Жайық өзеніне дейін жүгіріп барып, суға секірген. Патрульдік полиция қызмет инспекторлары Жексенбек Нұрымов пен Данабек Сақауов оны шығарып, ұстап алды. Анықталғандай, осыдан бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 33 жастағы ер адам мас күйде көлік жүргізген. Оған қатысты ӘҚБтК-нің бірден ӘҚБтК-нің 6 бабы (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару; маневр жасау қағидаларын бұзу; жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау; көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы; Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы; тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау) бойынша хаттама толтырылды.


***

Атыраулық полицейлер аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі затын сатумен айналысқан 24 жастағы тұрғынды ұстады.

Жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде күдікті Атырау қаласындағы бір ықшам ауданында тұтынушыларға жасырып қойған синтетикалық есірткі заттарының  тығылған бірнеше жерді көрсетті. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.


***

Атырау қаласында өткізілген «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 3290 қару иелерін мекен-жайлары бойынша тексерді.

Оның 88-і ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабымен («Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, ҚР-ның аумағына әкелу, ҚР-ның аумағынан әкету және ҚР-ның аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу»), 31 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабымен («Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу») әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара аясында тіркелмеген 9 қару тәркіленді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА  

Бейнежазбаны ПД ұсынды

25 наурыз 2022, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.