Атырау, 25 сәуір 22:46
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Украинадағы соғыс тұсындағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдай

Сурет
1 821 просмотра

Атырауға жеткізілетін дәрі-дәрмектің қаншасы Ресейдің үлесінде? Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан кейін жағдай нашарлады ма? Бұл сұрақтардың жауабы «АЖ» материалында.

Қазақстандық тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының жетекшісі Талғат ОМАРОВ алдын алу шаралары қолға алынбаса, Батыс елдерінің санкциясы салдарынан елімізде дәрі-дәрмектің қатты тапшылығы болуы мүмкін деп есептейді. Оның айтуынша, Ресейден дәрі-дәрмектің кешігіп жеткізілуі апта бұрын байқалған:

– Қазір жағдайдың қалай екенін білмеймін, бірақ екі апта бұрын екі дистрибьютор компаниямен сөйлестім. Олар дәрі-дәрмек тиелген жүк көліктерінің шекарада екі-үш күнге кешігіп жатқанын айтты. Ал біз Ресейде жасалған дәрілерге тәуелді болғандықтан фармацевтикалық бақылау департаментінде жауап беруіміз керек. Бірақ жақында Атырауда фармацевтикалық бақылау департаментінде дәріхана иелерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде мұндай талдау жүргізілмегенін айтты, - дейді Омаров. – Қаңтар айында Президент Тоқаев Қазақстандағы дәрі-дәрмек импорты 85 пайызды құрайтынын айтып, бұл үлесті 50 пайызға азайтуды тапсырған болатын. Бірақ таяу жылдары мұндай көрсеткішке жететінімізге күмәнім бар. Өйткені билік қолданып жатқан шараларды көріп тұрған жоқпын. Менің ойымша, инвесторларды тарту керек. Ол үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет. Инвесторға инфрақұрылымы бар жер телімін бөлу керек, ол медициналық университеттермен бірлесе жұмыс жасауы керек, өзінің ғылыми зертханасы болуы керек.

Оның пікірінше, елімізде дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау үшін қазір шетелден дәрі-дәрмек жеткізетін жаңа бизнес серіктес іздеген дұрыс. Ол бизнес серіктес ретінде Түркияны ұсынады: ол бұл «бауырлас ел» бізге импорттық дәрі-дәрмек жеткізуге келіседі деп есептейді. Бірақ бұл жерде Қазақстанның өзі де «әбігерленуі» керек:

– Серіктес табу – бірінші мәселе, бірақ жеткізуді кешіктірмеу үшін әлі де болса дәрілік заттарды сертификаттау тәртібін де жеңілдету керек. Өйткені, бүгінде дәрі-дәрмектің мемлекеттік тіркелуі алты айдан бір жарым жылға дейін созылады. Қазіргі жағдайды ескерсек, үкімет бұл процесті тездетуге дайын ба? Міне, мәселе осында, – дейді Т.Омаров.

Ал, Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Үмітхан МҰСАБАЕВА былай дейді:

– Менің мәліметім бойынша, Ресейден жеткізілетін дәрі-дәрмектің үлесі 10 пайызды құрайды. Қоймаларда отандық және басқа елдерден келген дәрі-дәрмектер бар. Осы мәселе бойынша Атырау облысының дистрибьюторларына хабарласуыңызды сұраймыз. Дәрілік заттардың бірнеше сауда атауларының бір халықаралық патенттік емес атауы (ХПЕА) болуы мүмкін. Сауда атауы отандық та, ресейлік те, батыстық та өндірісте болуы мүмкін. Қалай болғанда да, дәрі-дәрмек қоры бар, қазіргі уақытта тапшылық жоқ. Уәкілетті органдар геосаясатқа қатысты ахуалды бақылауда ұстап, ахуал нашарлаған жағдайда шаралар әзірлейді. Дәрі-дәрмек жеткілікті.

Содан кейін INKAR ЖШС талдау бөлімінің басшысы Руслан БАЗАРҚҰЛОВҚА хабарластық. INKAR ЖШС 1998 жылы құрылған және Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық дистрибьютор болып табылады. Р.Базарқұловтың айтуынша, Украинадағы соғысқа дейін Ресейден Атырауға жеткізілген дәрі-дәрмектің үлесі 25 пайызды құраған және әлі өзгерген жоқ, бірақ бәрі жағдайдың өрбуіне байланысты:

– Бір ғана жайт - өндірушілер өз өнімдерінің бағасын күрт көтеруде, Ресей нарығында да тапшылық сезіледі. Әрі қарай не болатынын көрерміз.

Айнұр САПАРОВА

Суреттерді түсірген автор

22 наурыз 2022, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.