
18 наурызда Ш.Сариев атындағы облыстық көркемсурет және өнер мұражайында "Жыл басы - Наурыз!" атты көрме ашылды.
Онда мұражай қорынан Сейсенхан Махамбетовтың «Атқа мінсем құйындатып», Қами Айтқалиевтің «Көш келдіңіз», Сағын Абзаловтың «Көкпар», Жоламан Аралбаевтың «Ауылдағы той» және «Құту», Қабдол Досниязовтың «Беташар» және «Қазақтың ұлттық мейрамы», Қамбарбек Амановтың «Дастархан», «Қыз қуу», «Жүн сабау» және «Киіз басу», Айсы Отаралиевтің «Дәм», Кендір Отарбаевтың «Ұлы дала» мен «Құрақ», Тұрсын Әбуовтың «Отырар сазы», Надежда Эксузьянның «Қыз жібек әні» және басқа да картиналар қойылған.
Көрме 22 наурызға дейін күн сайын сағат 9 және 18.00 аралығында жұмыс істейді.
Еламан НУХИН