Атырау, 7 қазан 09:25
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Таlan бигвиллінің тұрғындары наурыз тойын тойлады

PR Сурет
1 886 просмотра

Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесін Атырау қаласындағы «Talan» тұрғын үй кешенінің тұрғындары көршілер болыпкөңілді атап өтті. «BI Group» құрылыс компаниясы ұйымдастырған  шараға «Talan» бигвилльдің 300 ден астам тұрғыны қатысты. 

Аулада киіз үй тігіліп, жан-жақтан жиналған көршілер бір-бірімен наурыз мерекесімен құттықтасса, кішкентай балалар заманауи ойын алаңында арнайы шақырылған аниматорлармен ойнауға мүмкіндік алды. 

Шара ашылуында BI Group мекемесінің Атырау қаласындағы жоба жетекшісі Қуаныш УРАШЕВ, тұрғындарды ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, мерекені көңілді өткізулеріне тілектестігін білдірді.

- Іс шара жаңадан көшіп келген тұрғындарға,«Talan» тұрғын-үй кешенінен пәтер алса да әлі де қоныстанып үлгермеген көршілерді бір-бірімен таныстыру мақсатында және көктем мерекесі болған соң балалар алаңда көңіл көтеріп, мерекені сезінсін деген мақсатта ұйымдастырылуда. Мұндағы барлық жағдай сіздер үшін жасалған. Бәріңізге жақсы көңіл-күй тілеймін,- деді Қуаныш Урашев. 

Шара барысында тұрғындарға арнап тәтті шәй, палау және бауырсақ пеннаурыз көже секілді ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, көңілді ойындар ұйымдастырылды. Ұлыс мерекесіне ұлттық киіммен қазақша стильде киініп келген тұрғындар да сый-сыяпатсыз қалмады. Наурыз шарасына кимешек киіп келген Күлаш әже ең үздік қазақша стильдегі киім үшін сыйлыққа ие болды.

Күләш Сабирова:

«Talan»бигвилльден үлкен ұлым 3 бөлмелі үй алған еді. Бүгін мерекеге орай балаларымды құттықтауға келдім. Көршілері де белсенді жастар екен. Қоныстары ұнап жатыр. Балаларыма бақыт тілеймін.Шаңырақтарың шаттыққа, бақыт берекеге толы болсын,- деп ақ батасын берді.


Мерекелік шараға жиналған «Talan»тұрғын үй кешенінің ер жігіттері арқан тартыс, қазақша күрес, кір тасын көтеру, білек күшін сынасу, бұқа тартыс секілді спорттық ойындарға белсенді қатысып, компанияның сыйлықтарына ие болды. 


Шараға келген көршілерге естелік ретінде кәсіби фотосуретке түсіп, тегін шығарту да компания тарапынан ұйымдастырған. 

Гүлжан Нұрғалиева, «Talan» тұрғын үй кешенінің тұрғыны:

Жасыл аумақ, үлкен көлік тұрағы, қауіпсіз аула, көлеңкелі беседкалар секілді барлық комфорт жасалған тұрғын-үй кешені болған соң былтыр 110 шаршы метр болатын 3 бөлмелі үй алғанмын. Үйде барлық сервистер жасалған. Жақында WhatsApp желісіндегі тұрғындар чатында аулада наурыз мерекесі ұйымдастырылатыны туралы хабарлады. Нәтижесінде бүгін мерекелік көңіл-күйді сезініп, көршілермен де танысып жатырмыз. Осындай шаралар көршілерді жақындастырып, бірлігімізді нығайтуға септігі мол. Наурыз мерекесін ұйымдастырып жатқан «Bi Group» компаниясына алғысымыз шексіз. 

«Talan»бигвилль тұрғын-үй кешені Нұрсая ықшамауданындағы Әбілхайыр хан көшесі бойында орналасқан. Мектеп, балабақша секілді барлық инфрақұрылым жақын орналасқан жерде бірнеше тұрғын-үй кешені кезең кезеңмен берілетіндіктен бұл бигвилль санатына жатады.

«BI Group» мекемесінің Атырау қаласындағы жоба жетекшісі Қуаныш УРАШЕВТЫҢ сөзінше, бұл аумақта қазір балабақша құрылысы жүріп жатыр, сонымен қатар 2000 балаға арналған BINOM мектебінің құрылысы басталуда. 


«Talan» тұрғын кешені былтыр қазан айында пайдалануға беріліп, 1-ші кезең бойынша 168 тұрғынға пәтер кілті табысталған еді. Екінші кезең бойынша сәуір айының басында 143 тұрғын жаңа пәтердің иесі атанса, 3-ші кезең бойынша салынып жатқан «Talan Life» тұрғын-үй кешенінде 184  пәтер құрылысын аяқтау тамыз айына жоспарланған, - дейді жоба жетекшісі.

Наурыз мерекесіне арналған көңілді шараны өнерпаз қыздар әсем бимен әрлеп, шара соңы «Talan»тұрғын-үй кешенінің кішентай тұрғындары дайындаған флешмоб-пен аяқталды. 

24 наурыз 2022, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.