Атырау, 2 мамыр 12:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Индер жолындағы апатта полиция қызметкері қаза тапты

2 432 рет қаралды

16 наурызда сағат 8:30-да Атырау - Индер тас жолында Toyota Camry автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып Skoda маркалы полицияның қызметтік көлігімен бетпе бет соқтығысты. Апат салдарынан 7 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Екі күннен кейін, яғни 18 наурызда Skoda-да болған Махамбет ауданы полиция бөлімінде еңбек ететін 33 жастағы қызметкер ауруханада көз жұмды. Артында үш баласы қалды. 

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жүріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

19 наурыз 2022, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.