Атырау, 7 қазан 09:20
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мақаттағы жұмысшылар наразылығы

Бейнежазба
2 205 просмотра

18 наурыз күні Мақат кентінде «Ақтау+НШ» ЖШС жұмысшылары наразылыққа шығып, еңбекақыдан бастап бірқатар талап қойды. 

Аудандағы тазалық жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар осы кезге дейін бірнеше рет талаптарын қойғанымен, орындалмай келе жатқанына наразы екенін ашына жеткізді.

- Мынадай қымбатшылықта көше сыпырушылардың алатын айлық жалақысы 85 мың теңге, ал көлік жүргізушілер 112 мың теңге алады. Мұнымен біз қалай өмір сүреміз, отбасымызды қалай асыраймыз? Тапсырысшы - аудандық әкімдік неге бұл тазалық мекемесінің жұмысын қадағаламайды? Еңбекақыны дұрыс төлейтін мекемені таңдау керек, - дейді Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ, Қайырбек ЖАҢАБАЕВ және т. б.

Наразылық танытушылармен тілдесуге аудан әкімінің орынбасары Бекәділ ЖАЙКИН мен аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Темірбек ІҢІРБАЙ келді.

- Айтыңызшы, ал сіздің айлық еңбекақыңыз қандай? - деп сұрады жиналғандар Б.Жайкиннен. Жауапты үнсіз қалдырған ол еңбекақыны өсіру жөнінде бұдан бұрын да жиналыс болғанын, жалақы өскенін айтты.

- Жалақыны бір рет көтерді, ол да мардымсыз. Бізге аудан әкімі керек! - деп ашуланды жұмысшылар. 

Көп кешікпей аудан әкімі болып екі апта бұрын тағайындалған Ринат ИБРАГИМОВ келді:

- Жай-жапсарға дұрыстап қарайық. Жұмысты тоқтатпаңыздар. Ал талап-тілектеріңізді қағазға түсіріп, бізге беріңіздер.

37 адам дайындап, қол қойған талап хатта бірнеше мәселені шешу талап етілген:  еңбекақыны көтеру,  «Ақтау-НШ» ЖШС-мен жұмысты тоқтату, коммуналдық мекеме ашу, босалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, жұмыс уақыты 8 сағат, 5 күндік болып белгілеу және т.б.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз 2022, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.