Атырау, 7 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда Қытай және Өзбекстан азаматтары заңсыз еңбек еткен

2 235 просмотра

Атырау қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» жедел іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Қытайдың 120 азаматы мен Өзбекстанның 30 азаматын анықтады.

Өзбекстан азаматтары құрылыс алаңында жұмысқа рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүрген. ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал Қытай азаматтары қытайлық компаниялардың бірінің филалында мерзімдері өткен жұмыс визасымен жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.

Жалпы «Мигрант» іс-шарасының қорытындысы бойынша Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 1500-ге жуық факті анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 1445 адам тартылды, оның 1156 – шетелдік азамат. 54 шетелдік елден шығарылды. ҚР-ның 289 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу)  және ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша айыппұл салынды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

18 наурыз 2022, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.