Атырау, 7 қазан 09:19
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Құрманғазылық балықшылар теңізге шыға алмай, Тоқаевтан көмек сұрайды

Бейнежазба
987 просмотра

16 науырыз күні Құрманғазы ауданының балықшылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ пен облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВКЕ бейнеүндеу жолдады: олар Каспий теңізіне шығып, балық аулауға мүмкіндік болмай отырғаны жөнінде айтып, көмек сұрады. Видеоүндеуде қайық үстінде отырған балықшылар теңіз жағасындағы батпақтан жұмысқа кірісе алмай, батып қалған, судың тереңдігі 15-20 см.

- Теңіз жағасын тереңдету жұмысы неге жалғаспай жатыр? Балшықтан жағадан әрі аса алмай, теңізге шығу мүмкін болмауда, - дейді балықшылар.

Балықшылардың жан айқайын білу мақсатымен Құрманғазы ауданының әкімі Марат МУРЗИЕВКЕ хабарласқанымызбен бұл әкімшіліктің құзыретінде емес, облыстық құрылыс басқармасымен хабарласу керектігін жеткізді.

Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ:

- Атырау облысы шегіндегі Қиғаш өзенінің суын молайту және гидрогеологиялық режимін жақсарту үшін жұмыстар бұдан бес жыл бұрын қолға алынды. Басты мақсаты -  Ганюшкин және Жарқосы балық арналарында балық көлемін ұлғайту, еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Жоба 33 кезеңге бөлінген. Біріншісі - 5 млрд 451 млн тұратын 150 км болатын өзен арнасына тереңдету жұмысын 2017-2021 жылдары «Павлодар өзен порты» АҚ атқарды.  Екінші кезең осы жылдың шілде айында басталуы керек. Екінші кезең екі бөліктен тұрады, әрқайсысына 15 млрд теңге қаралған. Бірінші бөлігіне конкурс жарияланды, жақын арада жеңімпаз анықталады. Ал екінші кезеңнің екінші бөлігінің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, алдағы уақытта конкурс жарияланады. 

- Балықшылар айтып отырған теңіз жағасын тереңдету жұмысы туралы ше?

- Бұл жұмыстар үшінші кезеңде қарастырылған. Кезең-кезеңмен атқарылатын көлемді жұмыс болғандықтан уақыт алып отырғанын айту керек. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желідегі бейнежазба

18 наурыз 2022, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.