Атырау, 10 маусым 15:57
 дождьВ Атырау +31.4
$ 490.21
€ 566.93
₽ 6.81

Жылыой ауданында жол апатынан бір адам қаза болды

2 509 рет қаралды

Наурыздың 17-cінен 18-іне қараған түнде Жылыой ауданында кісі өлімімен аяқталған ЖКО орын алды.

Шоқпартоғай ауылынан шыққан «Лада ВАЗ-2110» мен Lexus көліктері соқтығысып қалған. Салдарынан «Ладаның» 26 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза болса, ал жүргізушісі  ауыр жарақат алып, Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілген.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі («Жүргізушінің адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 наурыз 2022, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.