Атырау, 7 қазан 09:25
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Студенттер айтысы

Сурет Бейнежазба
2 428 просмотра

Академик Зейнолла Қабдоловтың туғанына 95 жыл толуына орай Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Біз Жанбасақ» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Сөз додасына еліміздің әр өңірінен 16 студент қатысты. Оларға танымал айтыскер Саадат Нұрманов бастаған айтыс ақындары баға берді.

Бас жүлде мен 250 000 теңге сыйлықты қызылқоғалық ақын, қазір Қазақ Ұлттық Өнер университетінің студенті Батыржан КӘДІРБАЙ жеңіп алды. 

Бірінші орынды (200 мың теңге) БҚО келген Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенті Райымбек ӨТЕПОВ иеленді, екінші орын (150 000 теңге) Қарағанды техникалық университетінің студенті Бекарыс ОСПАНОВҚА бұйырды, 3 орынды екі ақын (әрқайсысы 100 мың теңгеден) Астана медицина университетінің студенті Сағыныш СМЕТ және Батыс Қазақстан инновациялық – техникалық университетінің студенті атыраулық Бимырза ӘБІЛҚАЙЫР өзара бөліп алды.

Сондай-ақ, 5 ақынға демеушілер атынан арнайы қаржылай сыйлық табыс етілді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

19 наурыз 2022, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.