Атырау, 7 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Әділдің жұлдызы жанды

2 137 просмотра

Атырау “Білім-Инновация” ер балалар лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділ Сұлтанов  "STEАM" бағыты бойынша мектеп жобаларының халықаралық олимпиадасында күміс медалге ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Әділ 7-сыныптан бастап информатика пәні бойынша олимпиадаға қатысып жүр. "STEАM" республикалық байқауында күміс жүлде иеленіп, еуразиялық жарыстан екі мәрте жеңімпаз атанған.

Халықаралық “STEM” олимпиадасы үш бағыт бойынша екі кезеңнен тұрды. Әділ бірінші кезеңінен өтіп, финалда 95 елден қатысқан 7 695 оқушының ішінен екінші орын алды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 наурыз 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.