Атырау, 7 қазан 09:24
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Банктерде де, айырбастау нүктелерінде де доллар жоқ

Сурет
1 621 просмотра

17 наурыздағы жағдай бойынша мұнайлы астананың барлық ақша айырбастау орындарында доллар  мен еуро сатылымда жоқ. Екінші деңгейлі банктерде де жағдай осындай. Кейбір банктердің таблосында валютаны сатып алу және сату бағасы көрсетіліп тұр, бірақ шын мәнінде сатылым жоқ.

Мысалы, «Халық банкте» бүгін таңертең доллар сату 505, сатып алу 511 теңге, еуро тиісінше, 558,42 және 565,42 теңгені көрсетті,бірақ кассадағылар доллар да, евро да сатылымда жоқ екенін айтты.

Жақында елдегі қолма-қол шетел валютасының тапшылығына байланысты Ұлттық банк мәлімдеме жасап, туындаған қиындықтар ең алдымен, халық тарапынан сұраныстың өсуіне байланысты екенін жеткізген еді. «Сондай-ақ, шиеленіске толы геосаяси жағдайда Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізуде логистикалық кедергілер туындап отыр», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Тағы бір айта кетерлік жайт, доллар қазір OLX жарнама беру алаңында қызу сатылымда (алайда olx мұнымен белсенді күресіп жатқанын мәлімдейді). Ол жердегі бағам, әрине, ресми бағамнан әлдеқайда жоғары. Мәселен, Қостанайда 600 доллардан, Қызылордада 700 теңгеден сатылуда. Алматыдағы жарнамалардың біріне хабарласқанымда, «650 теңгеден сатып жатырмын, одан артық түсе алмаймын», - деп жауап берді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

18 наурыз 2022, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.