Атырау, 7 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраудағы және бүкіл Қазақстандағы «Сбербанк»: ол жерде енді доллар мен еуро болмайды

1 958 просмотра

Ресейлік банктерге қатысты санкциялар енгізілгелі олардың Атыраудағы клиенттерін «Банктер қандай режимде жұмыс істейді? Карталарын шетелде пайдалана ала ма?» деген сұрақтар мазалап жүр. «Сбербанк» соңғы уақытқа дейін әдеттегі режиммен жұмыс істеген Қазақстандағы ресейлік банктердің бірі болды. Бірақ өткен аптада клиенттерге қаражаттарын шетел валютасында (доллар және еуро) түсіріп алу керектігі туралы ескертілді. Ахуалды анықтау үшін «АЖ» «Сбербанктің» Атыраудағы бас кеңсесіне сауал жолдады.

Баспасөз қызметінің жауабына сәйкес, Банк қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істейді. «Енгізілген шектеулер тек доллар мен еуродағы валюталық операцияларға қатысты. 26 наурыздан бастап клиенттер операциялар жүргізген кезде бұл валютаны пайдалана алмайды» (бұл жерде күндер бойынша сәйкессіздік бар, өйткені, мысалы, «Сбербанкте» доллармен ағымдағы шоты бар әріптесіме 12 наурызда банктен қоңырау шалып, валюталық операциялар 15 наурыздан бастап тоқтатылатынын ескерткен - З. И.).

Сондықтан Банк валюталық шоттар мен депозиттерді теңгеге айырбастауды ұсынған. Бұл ретте ұлттық валютадағы және ресей рубліндегі барлық операция әдеттегіше жүргізіледі».

Қазіргі уақытта Банктің бүкіл сервисі мен қызметі стандартты режимде жұмыс істеп жатыр. Бірақ белгілі шектеу шараларына байланысты доллар мен еуродағы операциялар клиенттерге қолжетімді болмайды. Бұдан басқа, банк Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінен (ХТЖ) карталарымызға қызмет көрсетуді тоқтату туралы хабарлама алды. Бұл осы ХТЖ «Сбербанк» карталарынан қолма-қол ақша алу немесе басқа банктер желісінен төлем жасау, сондай-ақ басқа банктердің карталарына ақша аудару мүмкін болмайтынын білдіреді. Бұл ретте деректемелерді пайдалана отырып, теңге мен рубльді шектеусіз аударуға болады.

«Сонымен бірге, «СберБанк» желісінде Қазақстан аумағында «СберБанк» карталары толық көлемде жұмысын – банктің POS-терминалдарында төлем жасауды, банкоматтарда қолма-қол ақша алуды, сондай-ақ SberKZ мобильді қосымшасында қызметтер үшін төлемдер жасауды жалғастыруда. Банк Қазақстандағы кең ауқымды желілердің біріне, еліміздің бүкіл аймағында 110-нан астам қызмет көрсету бөлімшелеріне және көлемі жағынан үшінші ірі банкомат желісіне ие. Сондай-ақ, тұтынушылар МИР және ChinaUnionPay төлем жүйелерінің карталарын ашуға өтініш бере алады», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

– Наурыздың 15-іне дейін (жолда жүруіне байланысты және т.б.) шетел валютасындағы қаражатын алып үлгермеген клиенттер бар ма және олардың болашағы қандай? Олар ақшасын қашан және қалай ала алады?

– Банк Қазақстанда жұмысын жалғастыратынын, жағдай тұрақталғанша клиенттердің шоттары банкте сенімді сақталатынын түсіну маңызды.

– Сіздің банктің клиенттері шетелде долларлық карталарды пайдалана ала ма?

- Қазіргі уақытта клиенттер картадан ақшаны толығымен түсіріп ала алады және картамен төлем жасай алады. Бірақ Visa және MasterCard карталарына қызмет көрсетуге қойылған шектеулерге байланысты бұл қызметтер 18 наурыздан бастап клиенттерге қолжетімді болмайды. Біз шетелде жүрген клиенттерден шетелде төлем жасау үшін қолма-қол ақша жинауды немесе балама төлем әдістерін қарастыруды сұраймыз.

– Сіздің банктің клиенттері шет елдердегі интернет-дүкендерден сатып алу ақысын төлей ала ма?

- Қазіргі уақытта шетелдік дүкендерде сатып алулар үшін төлем шектеусіз жүзеге асырылады. 18 наурыздан бастап Visa және Mastercard карталарына қызмет көрсету бойынша шектеулерге байланысты төлем жасау мүмкін болмайды. Бұл ретте Қазақстандағы серіктес интернет-дүкендер желісінде банктік карталар арқылы сатып алып, төлем жасай алады.

– Санкцияға байланысты банк клиенттері азайды ма? Азайған болса, қаншалықты?

– «Сбербанкке» бұғаттау санкциялары салынған жоқ, бірақ валюталық операцияларға шектеулер енгізілді. Банк жұмысын жалғастыруда және клиенттер мен серіктестер алдындағы бүкіл міндеттемесін орындауда. Қазіргі уақытта клиенттердің айтарлықтай азаюын көріп отырған жоқпыз.

– Несие алып қойған клиенттер үшін сіздің банкіңізде несие беру шарттары өзгере ме?

- Ағымдық қарыз алушылардың несие беру шарттарында өзгерістер болмайды. Банк қалыпты жұмыс істеп тұр.

– Несие беру шарттары өзгере ме, әлде біраз уақытқа дейін несие бермейсіздер ме?

– Несие беруді тоқтату жоспарда жоқ. Несиелеу шарттары, оның ішінде Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты қайта қаралуы мүмкін.

– Біздің оқырмандар сіздің банк жақын арада жабылып қалуы мүмкін деп қауіптенуде. Комментарий берсеңіз.

– «Сбербанк» Қазақстандағы жұмысын тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ. Әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, банк өз қызметін жалғастыруда және клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемесін орындап жатыр. Қалыптасқан жағдайда табысты жұмыс істеу үшін бізде барлық қажетті ресурс бар.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА 

17 наурыз 2022, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.