Атырау, 7 қазан 11:25
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырауда заңсыз сақталған қару тәркіленді

1 703 просмотра

7 наурызда түске дейін түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 24 жастағы жігіт екі мылтықтың қайда жасырылғанын хабарлады.

Тексеру барысында ақпарат расталды: қару табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігі («Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 7 наурызда, бірақ кешкі уақытта «Қару-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 23 жастағы жігіт полицияға пневматикалық тапаншаны тапсырған. Оны Жайық жағасынан тауып алғанын айтты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қарудың қайдан шыққаны анықталуда.

- ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп хабарлады департамент.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

16 наурыз 2022, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.