Атырау, 7 қазан 11:31
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Авангардтағы қылмысқа қатысты күдікті ұсталды

Бейнежазба
3 357 просмотра

Авангардта кеше үш адамды өлтірді деген күдікті ұсталды. Сонымен қатар, жігіттерді атып тастаған сәт видеоға түсіп қалған.

Кадрдан ақ түсті Renault Duster көлігі ер адамның қасына тоқтағанын, ол бірден салондағы адамдарға тапаншадан оқ жаудырғанын көруге болады. Осыдан кейін оқ атқан жігіт Көктем базары жаққа қарай жүгіреді. Сол жерде ол үшіншісін өлтіреді. Сәлден кейін мейрамхана жанынан 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды.

- 28 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Маңғыстау облысының 29 жастағы тұрғыны, - деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ұсталған азаматтың алғашқы айғақтары бойынша, жанжал «жеке бас араздығы» негізінде болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігімен (Екі немесе одан да көп адамды өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кеше басынан оқ жарақатын алған ер адамның біріне облыстық ауруханада ота жасалды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап тоыр, қазір ол комада жатыр.

Фархат АБИЛОВ

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

16 наурыз 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.